Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ ТҰЛҒАЛАР – БАСТЫ НАЗАРДА

Қызылорда қаласының прокуратурасымен пробация есебіндегі тұлғалардың тізімі жаңартылды.

Жазасын өтеушілердің психологиялық және әлеуметтік жағдайлары қайта зерттеліп, бағдаршам қағидасымен келесі санаттарға бөлдік.

Қызыл санатқа (тұрмыстық деңгейі төмен, қылмыс жасау тәуекелі жоғары) – 58, сары санатқа (тұрмыстық деңгейі орташа, қылмыс жасау тәуекелі де орташа) – 223, жасыл санатқа (тұрмыстық деңгейі жақсы, қылмыс жасау тәуекелі төмен) – 260 адам енгізілді, барлығы 541 сотталған есепте бар.

Қалалық прокуратураның бастамасымен полиция және пробация қызметкерлері бірлесіп есептегілердің тұрғылықты мекенжайларына апта сайын бару арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оларға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде.


Әрбір бақылаудағы тұлғаға қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық жасамау, сот үкімімен жүктелген міндеттерді орындау қажеттілігі түсіндірілді. Егер бұл талаптар орындалмаса қатаң шаралар қолданылатындығы ескертілді. 

Қалалық прокуратураның үйлестіруімен ағымдағы жылдың қаңтарында есептегілердің 8-і тұрақты жұмыспен қамтылып, 21-і «Бастау» мемлекеттік бағдарламасына қайта даярлау курстарына жолданды. 

Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жазасын өтеп жүргендердің қайта қылмыс жасауын болдырмау және оларға заңда белгіленген қолдау көрсету.
Пробациялық бақылаудағы тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуге бағытталған жұмыстар жалғасатын болады.


Қызылорда қаласының 
прокуратурасы 

04 ақпан 2021 ж. 589 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?