БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев еліміздегі ең жауапты әрі маңызды науқан 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуде белсенділік танытқан белсенді азаматтарды қабылдады.
Еліміздегі қиын кезеңге қарамастан қоғамның пайдасы үшін жұмыс жасаған азаматтарға алғысын білдірген қала әкімі «Саяси науқанда белсенділіктің жаңа деңгейін көрсетсеңіздер. Сол жемісті жұмыстарыңыздың нәтижесінде Қызылорда қаласы тұрғындарының басым көпшілігі сайлауға қатысып, өз дауыстарын берді. Бүгінгі марапат жауапты кезеңде тыным таппай, тыныс алмай жасаған жұмыстарыңызға алғыс» - деп, атап өтіп, алдағы уақытта да белсенді азаматтық ұстанымдарыңызды қаланың саяси дамуына жұмсап, қаладағы әрбір шараға бастамашыл болады деп сенім білдіретіндігін жеткізді.