Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА КӘСІПКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін шаһар басшысының орынбасары Бектас Нұридинов пандемия кезіндегі қиын кезеңде қоғамның пайдасы үшін игі істер жасаған кәсіпкерлерді қабылдады.

Шарада Бектас Балғабайұлы қаламызда қауіпті індет тарап, ел басына күн туған шақта  алдыңғы шептен табылып, қиналған жандарға қамқор қолын созып, қайырымды істермен көпке үлгі болған кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Ел амандығы үшін қызмет еткен жандардың алдағы уақытта да белсенді азаматтық ұстанымдарын қаланың дамуына жұмсап, қаладағы әрбір шараға бастамашыл болатынына сенім білдіріп, қиын кезеңде ел үшін атқарған еселі еңбектері үшін қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады. 

Жиын соңында қала әкімінің орынбасары барша кәсіпкерлерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қиын кезеңді табысты еңсеріп, кәсіптерінің өрлеуін тіледі.
25 желтоқсан 2020 ж. 766 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?