Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдаған шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев алдағы жылдан бастап қаладағы қамқорлықты қажет ететін жандардың жеке көмекшілеріне төлем 8 сағаттық көлемде, 365 күнге жүргізілетінін айтты. Көмекшілерге төленетін кепілдендірілген қаражат есебінен зейнетақы қорына аударымдар жасау мәселесін де шешу үшін құзырлы органдарға тиісті құжаттар жолданғандығын атап өтті.

Кездесу барысында тұрмыстық қажеттілікке байланысты шаштараз, сауда дүкендері сынды тағы да басқа әлеуметтік нысандарға бару үшін инватакси қызметін қолжетімді етуді сұраған мүмкіндігі шектеулі жандарға «Сіздердің талап-тілектеріңіз орындалады. 2021 жылдан бастап аталған мақсатта инватакси қызметін пайдалануға еңбекті қорғау заңнамаларына сай мүмкіндік жасаймыз» - деген, шаһар басшысы бұған дейін қалада 11 автокөлік инватакси қызметін атқарса, енді олардың саны 13-ке жеткендігін жеткізді.
Қабылдаудағы көп тілегінің тағы бірі 2 топ мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық көлікте тегін жүруі. Бұл мәселеге қатысты қала әкімі сала басшыларына қажетті субсидия көлемін есептеп, тез арада ұсыныс беруді жүктеді.
Сонымен қатар қабылдауға келген азаматтар 2019 жылдың наурыз-сәуір айларында жеке көмекшілерге қызмет ақысы төленбей қалғанын айтып, оны өндіруге заң аясында көмек беруді сұрады. Өз кезегінде қала басшысы ол төлемдерді жүргізуге бюджет мүмкіндігі толық жететіндігіне тоқталып, көмекшілердің еңбекақысын төлеу жұмыстары жыл басында заң жүзінде жүзеге асатындығын айтты.
Ал, ипотекалық пәтер алған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың төлем жүктемесін азайту немесе субсиядалау мәселесін көтерген азаматтарға қала әкімі бұл сауалдың мәжіліске жолданып, зерделеуден өтіп жатқандығын жеткізді.
Кездесу барысында «Облыстық мылқаулар қоғамының» төрайымы Алтынкүл Аяпова мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін кезек күттірмей шешіп, ұдайы қолдау білдіріп келе жатқан қала әкіміне алғысын білдіріп, ағымдағы жылы мылқаулар клубының шаһар басшысының тапсырмасымен демеушілік есебінен күрделі жөндеуден өткенін ерекше қуанышпен атап өтіп, «Бұл бізге жасалған көп қамқорлықтың бірі ғана» - деді.

Кездесу соңында қала әкімі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғап, оларды әлеуметтік қолдау күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі екендігін баса айтып, қамқорлықты қажет ететін жандарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жоғары деңгейде жалғасатындығын жеткізді.
25 желтоқсан 2020 ж. 712 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?