Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВ ҚАЛАМЫЗДЫҢ 200 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

  Биылғы жылы Елбасымыздың төл туындысы Елордамыздың 20 жылдық, Сыр өңірінің бас шаһары - Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы.
Яғни, бұл жыл тарихи тағылымы мен мағынасы терең қос мерейтойымен құнды.
   Киелі Сыр өлкесі айтулы даналардың, қол бастаған батырлардың, дарынды тұлғалардың бесігін тербеген, рухани-мәдени құнары, әлеуметтік қуаты мол аймақ.
Сан ғасырлық тарихы бар қасиетті мекен, қазақ елінің тарихында өзіндік алар орны ерекше.
   Қойнауына құт қонған Сыр топырағында халқымыздың біртуар перзенттері, «Алаш ардақтылары» мен талай қоғам қайраткерлерінің ізі жатыр.
Осындай ел тарихындағы елеулі оқиғалардың барлығы елдің ертеңі үшін, халқының болашағы үшін қалтықсыз қызмет жасаған аға буын өкілдерінің зор еңбегінің, өз отанына деген шынайы жанашырлығының арқасында қол жеткен жетістіктер.
Бүгінгі кездесу де осындай ардақты тұлғаларды ұлықтау, құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
   Бүгін, қала әкімдігінің мәжіліс залында шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы аймағымыздың абыройлы ақсақалдарын мерейтойларымен құттықтап, салтанатты қабылдау ұйымдастырды. 
Салтанатты қабылдаудың басты кейіпкерлері, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріндегі өрелі өзгерістерінде өшпес із қалдырып, қалың топта дараланып жүрген Баянбай Сыздықұлы және Төребаев Шахизат Хамитұлы.
Яғни, «Құрметті автотранспортшы» атағының иегері, Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» Сыздықов Баянбай ағамыз бүгінде сексеннің сеңгіріне шықты. 
   Ал егеменді еліміздің қалыптасу жылдарында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, облыс әкімінің орынбасары, Қармақшы ауданының әкімі, кейінгі жылдарда табиғатты қорғау басқармаларында басшылық қызметтер атқарған Шахизат Хамитұлы жетпіске толған мерейтойын атап өтуде. 
Ел ағаларын осы мерейтойларымен құттықтаған қала әкімі
   Н. Нәлібаев:

- «Қызылорда қаласының бүгінін жарқын, болашағын баянды ету жолында талай жылдар тынымсыз тірлік, елеулі еңбек еткен ел азаматтары, аға буын өкілдері ортамызда отыр.
Осы салтанатты сәтті пайдалана отырып, барша қала тұрғындарының атынан Сіздердің ел үшін еткен еңбектеріңізге, туған жерге деген жанашырлықтарыңызға зор ризашылығымыз бен шексіз алғысымызды білдіреміз.
Біз, Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бен еліміздің ертеңі үшін жасаған бар игілікті істеріңіздің алдында басымызды иеміз. 
Сіздердің осындай зор сенімдеріңіз бен қолдауларыңыздан біз қуат аламыз, ертеңге деген үлкен сеніммен қараймыз.
Алдағы уақытта да, біздің жанашыр қолдаушымыз, тілекшіміз болып, ақ баталарыңызбен жігер беріп ортамызда жүре беріңіздер дегім келеді», деген жүрекжарды тілегін жеткізді.
   Замандастарына деген жүрек жарды лебізін білдірген қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбішев Сайлаубай ағамыз да мерейтой иелерінің өмір жолы мен қызмет жолына кеңінен тоқталып, ел үшін еткен еселі еңбектерін айтып және інілік ілтипатпен ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін қала әкіміне алғысын жеткізді. 
   Шара соңында, салтанатты қабылдаудың барша қонақтарын қос ғасырдың куәсі – қасиетті Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойымен құттықтаған шаһар басшысы, мерейтой иелеріне арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтарын беріп, иықтарына шапан жапты және қаланың ең жоғарғы марапаты «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫН» табыстады.















Қалалық ішкі саясат бөлімі
21 қыркүйек 2018 ж. 1 468 0

Күнтізбе

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?