Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ: ҚЫЗЫЛОРДАДА АҚЫНДАР МЕН ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ЖЫР ДОДАСЫ ӨТТІ

Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жас ақындар мен жазушылардың жыр додасы өтті.

Талай өнер майталмандары шыққан киелі Қызылорда өңірінде жас ақындар мен жазушылардың өзіндік қолтаңбалары қалыптасқан.  Қала әкімінің тікелей қолдауымен Сыр бойындағы ақындық жолды жалғаған жастардың өнерін шыңдау мақсатында дәстүрлі түрде жыр додасы ұйымдастырылып келеді. 

Еріктілер жылы аясында да жалғасын тапқан биылғы жыр додасына қатысуға жас ақындар мен жазушылардан 30-ға жуық поэзия және проза түскен. Қазылар алқасының шешімімен жүйріктер арасынан 10 жеңімпаз айқындалып, байқауда бақ сынасқан барлық қатысушылардың туындылары жыр жинағына енгізілмек.

Жыр додасының жеңімпаздары арнайы қала әкімінің жүлдесімен марапатталды. 
Айта кету керек, өткен жылы, қызылордалық жас ақындардың поэзиялары «Жастар жырлайды» өлеңдер жинағына енгізіліп, қала жастарына тарту етілген болатын.
15 желтоқсан 2020 ж. 847 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?