Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ СЫР САҢЛАҒЫНА СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Бүгінгі қала әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев күн тәртібіндегі тақырыпты талқыламас бұрын Елорда төріндегі дүбірлі дода, айтыс аламанында «Алтын домбыраны» үшінші мәрте қанжығалап, туған жерге келген Сыр саңлағы Мұхтар Ниязовты мерейлі жеңісімен құттықтады.

Әрдайым мерейіңіз үстем болып, шығармашылық шабытыңыз шарықтай берсін деп ізгі лебізін білдірген қала әкімі қазаққа осындай азамат сыйлап, қанатын қомдап, қолдап отыратын ата-анасына ақынға берген өнегелі тәрбиесі мен өрелі  ақыл-кеңестері үшін ерекше ризашылығын жеткізді.
Өз кезегінде айтыскер ақын қызметтегі міндетін алға тартып, талантына тұсау салмай, өнердегі қадамына қолдау білдірген қала басшысына, әріптестеріне, барша жерлестеріне алғаусыз алғысын айтты.
Айтулы аламанда аймақ абыройын асырып, мерей-мәртебесі биік болған ақынға шаһар басшысы құрметпен «Құттықтауын» табыстап, қазақтың ұлттық аспабы «Домбыраны» сыйға тартты.
10 желтоқсан 2020 ж. 868 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?