ҚЫЗЫЛОРДА: МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов пандемия кезіндегі қиын кезеңде қоғамның пайдасы үшін игі істер жасаған ұстаздарды қабылдап, шаһар басшысының алғысын жеткізді.
Шарада Асқарбек Темірбекұлы ел басына күн туған шақта қала аумағына кіріп-шығу жолдарына қойылған санитарлық бақылау бекеттерінде бір кісідей жұмылып, аяқтан тік тұрып қызмет еткен белсенді азаматтарға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Ел амандығы үшін қызмет еткен жандардың алдағы уақытта да белсенді азаматтық ұстанымдарын қаланың дамуына жұмсап, қаладағы әрбір шараға бастамашыл болатынына сенім білдіріп, республика аумағында төтенше жағдай жарияланған кезеңде өз өмірлерін қауіпке тігіп, барлық сақтық шараларын сақтай отырып, халыққа тікелей қызмет көрсеткен мұғалімдерді қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады.