Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қонақ үйде көрсетілетін қызметтер туралы не білуіміз қажет?


Сіз қонақ үйге орналаспастан немесе брондамастан бұрын, ол қандай класқа немесе санатқа жататындығына хабардар болуыңыз қажет. Яғни, мысалы, ол қанша жұлдызды. Бірақ басқа елдерде басқа да қонақ үй жіктемелері бар. Осы немесе өзге санатқа жататындығын білгеннен соң, сіз тиісті қызмет көрсетуді талап ете аласыз.   Ал брондау туралы айтар болсақ, мұнда тәртіпті көрсетілетін қызметті беруші өзі орнатады, бірақ егер сіз белгілі бір себептер бойынша ақы төлеп қойған қызметті пайдалана алмасаңыз, сізден қызмет құнының  30%-нан аспайтын  төлемді ғана заңға сәйкес ұстап қала алады. Бұл норма «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 8-1-бабында қамтылған.

Бұған қоса, тұратын адамға немесе қонақ үй қызметтерін тұтынушыға оның өтініші немесе келісімі бойынша қосымша ақыға қызметтер көрсетілуі мүмкін. Мысалы,  кір жуу, химиялық тазарту, такси шақырту, электронды байланыс құралдарын ұсыну, интернеттің электронды желісіне қосу және тағыда сол сияқты қызметтер.

Бұл ретте көрсетілген қызметтің сапасына - химиялық тазарту немесе үтіктеу кезінде сіздің киіміңізді бүлдіріп тастамады ма, экскурсияны тиісті түрде ұйымдастырды ма және тағы сол сияқтыларға көңіл аудару қажет. Егер сіз қызметтің кемшілігін байқасаңыз, қарапайым тілмен айтқанда сізге оны сапасыз көрсеткен болса немесе залал келтірген болса, онда сіздің белгілі бір құқықтарыңыз бар. Атап айтқанда, Сіз бағаны тиісінше азайтуды немесе тіптен ақшаны қайтаруды, ал егер залал келтірілген болса оны өтеуді талап ете аласыз.

Нөмірде бағалы заттарды сақтауға қатысты айтарымыз. Әкімшілік қаншалықты сейфта емес заттардың сақталуына жауапкершілік алмаймыз деп хабарландыру жазып қойса да, іс жүзінде бұл дұрыс емес.  Себебі «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңында Сізге тек қана сапалы қызмет емес, сонымен бірге қауіпсіз де қызмет ұсынылуы тиіс екендігі айтылады. Ал бұл, егер сіздің бағалы заттарыңыз және де басқа да заттарыңыз қонақ үй қызметкерлерімен ұрланған немесе тіптен сындырылған болса, онда мұны залал келтірілді деп бағалауға болады. Себебі ұйым өз қызметкерлеріне заңды жауапкершілікте болады ғой. Егер ұрлық фактісі дәлелденсе, онда залалды өтеу мәселелсі талқыланбастан орындалуы тиіс.

Қонақ үйде тұратын адамның тек қана құқықтары ғана емес, сонымен бірге міндеттері де бар.   Негізгі және ең басты міндеті тұруға және көрсетілген қызметтерге уақытында және толық төлем жүргізу болып табылады. Қандай да бір бұзушылықтар болған жағдайда, әкімшілік айыппұл санкцияларын қолдануы мүмкін. Бұған қоса, қонақ үй қызметтерін тұтынушы егер ол осындай немесе басқа түрде  оның заңды құқықтарын кемсітетін болған жағдайда шартты бұза алады. Не болмаса, мысалы, шарттың талаптары тек қана орындаушының  мүдделерін қанағаттандырып, тұтынушының құқықтарын қорғамайтын болса. Сонымен бірге, егер сізге сапасыз қызмет көрсетілген болса немесе ол тіптен көрсетілмеген болса. Сіз шартты бұза аласыз және толық немесе жартылай ақшаны қайтаруды талап ете аласыз.

Егер, сіздің осы саладағы құқықтарыңыз бұзылған болса, сіз қонақ үй қызметтерін көрсеткен ұйымға, яғни қонақ үй басшылығына жүгіне аласыз.  Егер сіздің шағымыңызға құлақ аспаған болса, сіз жазбаша  наразылық білдіресіз, оған 10 күн ішінде жауап беруге міндетті.  Егер қонақ үй басшылығы қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, Сіз сотқа жүгінуге құқылысыз.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Тел: 8(7242) 23-50-72, 23-50-66. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №52 ғимарат. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда

17 қараша 2020 ж. 837 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?