ҚЫЗЫЛОРДА: ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Ауылдың төріне батырға арналған ескерткіш белгі қойылды. Шараға қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов қатысып, батырдың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараның маңыздылығына, Нағи Ілиясовтың өнегелі өмір жолы мен еңбек жолына тоқталып, ерлік істері кейінгі ұрпаққа тағылымды тәрбие көзі екенін атап өтті. Шара барысында батырдың баласы Ринат Ілиясов ауылды алға сүйреген әке қызметін атап өтіп, естеліктерімен бөлісті.

Нағи Ілиясов майдан дасаласында ерен ерлік көрсетіп, соғыстан оралғаннан кейін ел басқару ісіне араласып, ұлылығы мен ұлағаттылығының арқасында, түрлі қызметте жүріп қала мен облыстың экономикасы мен мәдениетін көтеруге айрықша үлес қосып, саналы ғұмырының барлығын туған жерін түлетуге арнады.



