Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА: БАТЫР ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бүгін Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясовтың тұрған үйіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденімен, 3 дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған халқының батыр ұлы Нағи Ілиясовты еске алып, арда азаматтың елі үшін жасаған еңбегі мен соғыс жылдарындағы ерлік істеріне тоқталды.
Сонымен бірге батырды ұлықтау 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шаралар аясымен шектелмейтінін, Отан үшін жасалған ерлік, батырлық ісі мәңгілікке халық жадынан өшпейтінін айтты.
Ал шара аясында батыр туралы естеліктерімен бөліскен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс Қазақ хандығы тұсында білек күшімен ел қорғаған Баймұрат батырдың алтыншы ұрпағы Нағи Ілиясовқа «батырлық қанмен берілген» - дейді.
Шара соңында батырдың өмір жолынан Нағи Ілиясовтың баласы Ринат Ілиясов естеліктер айтып, мемориалдық тақтаның ресми ашылды.
Айта кетейік, мемориалдық тақта Нағи Ілиясовтың 1969 жылдан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін тұрған Қазантаев көшесіндегі № 45-үйдің қабырғасына орнатылды.
06 қараша 2020 ж. 713 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?