БІР ІЗДІ ЖОБАНЫҢ ИГІЛІГІ
Кеше Қызылорда қаласына Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанында құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Турсынзада келді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қаламызда құрылған «Бақытты отбасы» отбасы институтын қолдау орталығында кездесу өтті.
Қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов пен қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Индира Акжигитова облыс әкімдігінің қаржысы есебінен жүзеге асқан орталықтың жұмыс барысымен, игілігі мол жобаның жан-жақтылығымен арнайы таныстырып, тиімді тұстарын атап өтті.
Жалпы қала әкімінің қолдауымен Сыр өңірінде құрылған бұл жобаның әрбір қадамы мен жасап жатқан жұмыстары оң нәтижесін беруде. Әрбір ортада өзін тысқары қалуды сезінген бенефициар отбасылар қайта әлеуметтендіру шараларынан кейін белсенділік танытуда. Бұл бір жобаның ұтымды тұсы десек те болады.
Әлеуметтік саланың әлеуетін көрсетіп, бала мен ана, ана мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуда күш-жігерін салып жүрген белсенді тұлға орталық мамандарының атқарып жатқан жұмыстарына оң көзқарас білдірді.
- Ананың ниеті тар болса қоғамның ниеті тар, ананың пейілі кең болса қоғамның пейілі кең болады. Сондықтан ауыр саланың салмағын көтеріп, ерікті аналардың қоғам алдында беделін арттыру бірлескен жұмыстың нәтижесі болып отыр, - деді Ырза Тұрсынзада.