Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

СПОРТ КЕШЕНДЕРІНДЕ ТӘРБИЕЛІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

 
Спортпен шұғылдану – салауатты өмір салтын қалыптастырып, әлеуметтік зиянды әдеттерден аулақ болып, қоғамдық тәртіпті бұзушылық пен қылмыстың алдын алудың негізгі тиімді құралының бірі.

Осы мақсатта, 26-30 қазан аралығында Қызылорда қаласы Белкөл кентінде, «Ерсұлтан» және «Қажымұқан» спорт кешендерінде тағылық әрекеттерді болдырмау және оны алдын алу мақсатында жас спортшылармен кездесу өтті.

Кездесуге арнайы барған қала әкімінің орынбасары Есжанов Асқарбек Темірбекұлы болашағынан зор үміт күттірер жас спортшыларға сәттілік тілеп, жас ұрпақтың зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға өзін-өзі тәрбиелеуі қажеттігіне тоқталып өтті.

Тәрбиелік мәні бар кездесуде қалалық спорт бөлімінің басшысы Айбек Ерғалиұлы қала әкімінің  орынбасары Асқарбек Темірбекұлына жергілікті бюджет есебінен алынған спорттық құрал жабдықтарды (инвентар) таныстырды. Оның ішінде бірнеше дана спорттық киім, таэквондоға арналған қорғаныш киім, әр түрлі салмақ дәрежелеріндегі зіл темір, гір, нығыздалған/волейбол/баскетбол доптары, жгут, груз сынды спорттық құрал жабдықтары қамтылған.

Бұл спортты дамытуға  жол ашу мақсатында жасалып отырған қадамдардың бірі.

Айта кету керек, бөлімге қарасты «Қажымұқан» спорт клубында спорттың 11 түрінен үйірмелер ұйымдастырылып, 964 қала тұрғыны спортпен айналысса, «Ерсұлтан» спорт кешенінде дзюдо және грепплинг спорт түрінен 300-ден астам, Белкөл кентіндегі спорт кешенінде еркін күрестен 80-нен астам спортшылар жаттығуда.
31 қазан 2020 ж. 1 006 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?