Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

Қызылорда қаласы бойынша барлық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланушылар назарына (шаруа/фермер қожалықтары, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар т.б.)

Бүгінгі таңда іске асырылып отырған цифрлық Қазақстан цифрлық Үкіметке көшу, жер пайдалануды цифрландыру шаралары аясында қалада ауыл шаруашылығы құрылымдары пайдаланылымындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының электрондық картасы қалыптастырылуда.

Шаруа қожалық басшыларына қожалыққа тіркелген жер учаскелерінің (жайылымдық, шабындық, көп жылғы екпелермен алқаптары бойынша) электронды схемаларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Qoldau.kz веб-порталына енгізу қажеттігін хабарлаймыз.

Қожалық басшыларына аталған жұмыстың маңыздылығын ескере отырып, жер телімдерінің өз мақсатына сай игерілуі немесе игерілмеуі тікелей электронды картаға енгізілгеннен соң жүргізілетінін, сондай-ақ бұл жұмыстар бойынша барлық сұрақтарды Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі мен Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімдерінен білуге болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы президенті Қ.К.Тоқаевтің төрағалымен өткізілген Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы жерлерінің бірыңғай кадастрын қалыптастыру тапсырылған.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 4-ші бабына сай «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдығы» жер заңдарының негізгі принциптері болып табылатынын жеткізе отырып, Сіздерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Qoldau.kz веб-порталына жер учаскелеріңіздің мәліметін толықтай енгізу қажеттілігін хабарлайды.

29 қазан 2020 ж. 1 285 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?