ҚЫЗЫЛОРДА: 19-25 ҚАЗАНДА 15 ТОЙ ТОҚТАТЫЛДЫ
Карантин кезінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде ескертуді елемей ұйымдастырылған 15 дәстүрлі отбасылық той тоқтатылып, шектеу шараларының шегінен шыққан 7 компьютерлік ойын-сауық орталығына анықтама толтырылып, шара көру үшін уәкілетті органға жолданды.
Рейд барысында қала орталығындағы «Алаш» мейрамханасы, Қорқыт ата көшесі, мен Қазақстан көшесінде жеке аулада ұйымдастырылған үйлену тойлары, Желтоқсан тұрғын үйінде құдалық тойы тоқтатылып, «Сs-go», "Керуен", плестейшин және компьютерлік орталықтарының жұмыс жасап тұрғаны белігілі болып, ойын-сауық орталығының әкімшісіне анықтама толтырылды.
Айта кетейік, мониторингтік топ індетпен күрестің алғашқы күнінен меншік нысанына қарамастан барлық субъектілердің санитариялық-дезинфекциялық талаптарды сақтауын қадағалап, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Бүгінге дейін мониторингтік топ 10 000-нан аса нысанды аралап, рейд жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан карантин режимін сақтамаған 143 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, шара көрілді.