Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ТӘРБИЕ ТАҒЫЛЫМНЫҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Бүгін қала әкімінің орынбасары Есжанов Асқарбек Темірбекұлының төрағалығымен  «Тәрбие Тағылымның Түп Қазығы» тақырыбында ұрпақтар сабақтастығы негізінде өрбіген аға-буын өкілдері мен жастар арасында кездесу өткізілді. 

Кездесуде болашақ өскелең ұрпақтың тәрбиесі, отансүйгіштігі, отбасы құндылықтары туралы мәселелер көтеріліп, қоғамдағы тағылық әрекеттің белең алуын алдын алу жолдары талқыланды.

Алғашқы болып сөз алған Қызылорда қаласының құрметті азаматы Аңсатов Сәпен Әбдіқадырұлы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында тәрбиелік мәні бар өз ойларымен бөлісті.

Өскелең ұрпаққа білім беру жүйесі ғана емес, үйдегі ата-ана тәрбиесі аса маңызды екенін жеткізген қала әкімінің орынбасары А. Есжанов «Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықты болдырмау – тек полицияның жұмысы» деген теріс түсініктен арылу қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, кездесу барысында қала әкімдігі тарапынан жүзеге асырылып келе жатқан «Көше Fest» сайысын жандандыру арқылы көше атауы берілген тұлғаларды насихаттай отырып, жас буынды отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттеріне тәрбиелеуге болатындығы жөнінде айтыскер ақын, М. Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры Нұрмат Абдоллаұлы өз ұсынысын білдірді.

«Бүгінгі жастар тәрбиесі, ұлттық мәдениет пен дәстүр» тақырыбында ой қозғаған дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Оспанов Бақтияр тәрбиенің ұрпаққа ана құрсағынан даритынын жеткізді. 
Еңбегімен елге сыйлы аналарымыздың бірі «Ақ босаға» қоғамдық қорының төрайымы Меруерт Нағметқызы мен «Ақмешіт Ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Бәйдешқызы баланы теріс әрекеттерден сақтайтын, рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін негізгі орта – отбасы екеніне тоқталса,  облыстық жастар басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы ата-ана өзін өзі тәрбиелеу арқылы тәрбиелі ұрпақ өсіруіне жол ашатындығына басымдық берді.
Қазақ қоғамында жастарға ежелден ерекше сеніммен қараған.

Соның бір дәлелі, жиынды қорытындылаған жалынды жас Жамбылов Бекен Ғалымжанұлы Сыр жастарына өзіндік үндеуін жариялау арқылы, аға буын өкілдерін жігерлендіріп, болашаққа деген сенімін арттыра түсті.

Айта кету керек, кездесуге аймағымыздағы елжанды ағалар, қоғам белсенділері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, жастар ұйымдарының жетекшілері, ата-аналар комитеті және белсенді жастар өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатыстырылды.

БҮГІНГІ КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛҒАН САНАЛЫ ДА САЛМАҚТЫ ОЙЛАР ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ ОРЫН АЛАРЫ СӨЗСІЗ.
27 қазан 2020 ж. 938 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?