Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 8-22 қазаны аралығында Дін саласындағы қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерімен 70 онлайн кездесу өткізілді.
ZOOM платформасы арқылы өткізілген кездесуге Қызылорда қаласындағы 54 білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары мен ата-аналары, жоғары, орта арнаулы оқу орындары, қалаға қарасты кент, ауылдық округ тұрғындары қатыстырылды.
Кездесулерде қалалық ақпараттық-түсіндерме топ мүшелері Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Ж.Досмаханов, қалалық жастар ресурстық орталығының теолог маманы Ж.Қарғабаев, қалалық білім бөлімінің теолог маманы М.Орынбаев, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы М.Үркімбаев, облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Қ.Кеңесбеков, Б.Оспанов және Ж.Дәрібаев, қалалық «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы Ж.Садықов, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Т.Меңдібай, «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің іс-басқарушысы Әбіл Серік Ертарғынұлы қатысып еліміздегі діни ахуалды, деструктивті діни ағымдармен күрестегі жұмыстар, отбасы құндылығы, отбасындағы ана мен әкенің рөлі, бала тәрбиесі, зайырлылық, жастарды патриотизмге, тәлім-тәрбие, ұлттық құндылықты насихаттау тақырыптарында баяндамалар оқып, қатысушылармен пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берді.
26 қазан 2020 ж. 808 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?