Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТУДЕ

Қазіргі таңда Қызылорда қаласында тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың бағдарламасына сәйкес 32 көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуде.

- Қала әкімінің басты тапсырмасы – сапаға мән беру. Әрі жұмыстарды уақытылы жүргізу. Тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуші мердігер мекемелер берілген тапсырманы сапалы орындауда. Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында кей мекемелер жоба құжаттарында қаралмаған жұмыстарды өз жауапкершіліктеріне алған. Мәселен, көпқабатты тұрғын үй аулаларына орындықтар орнатып, ауланы қоршау жұмыстарын жүргізуде, – деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Б.Далабаев.

БАҚ өкілдері аталған жұмыстармен танысу мақсатында Ғ.Мұратбаев көшесі №32, Жетікөл көшесі №28, Абай даңғылы №50 көпқабатты тұрғын үйлеріне барды. 

Қолға алынған кешенді бағдарламаның міндеті – жылумен, электрмен, сумен қамтамасыз етуші жүйелерді жаңғырту болып табылады. Сонымен бірге, жөндеу жұмыстары сыртқы қасбетін әрлеу, сырлау, шатыр жабынын жөндеу, подъезд іші жұмыстары, пластикті терезелер, домофонды есіктер орнату сынды жұмыстарды да қамтиды.

Тұрғын үйлерде тұратын пәтер иелері БАҚ өкілдеріне 60-40 жылдан кейін жөндеуден өтіп жатқан үйлердің қазіргі жағдайын айтып,  қуаныштарын жеткізді. 

Жалпы, Қызылорда қаласында 815 көпқабатты үй бар. Оның ішінде 426 көпқабатты тұрғын үй жөндеуді қажет етеді.  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың  2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қаладағы  134 көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Бұдан бөлек, 26 үйді жаңғыртудан өткізуге бюджеттік өтінім ұсынылған.
20 қазан 2020 ж. 767 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?