Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

А.ЕСЖАНОВ: САҚТЫҚҚА САЛҒЫРТТЫҚ ТАНЫТУ АХУАЛДЫ УШЫҚТЫРАДЫ

Қала әкімідігінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов «Сақтық шараларын ескермейтін қызылордалықтар өңірдегі ахуалды ушықтыруы мүмкін» екенін айтты.
Асқарбек Темірбекұлы індеттің таралуын тоқтату біздің, яғни қала тұрғындарының қолында екенін еске салып, екінші кезең қатты тимеу үшін тұрғындарды бетперде тағып, халық көп шоғырланатын орындарға бармай, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Қала тұрғындарының сақтық шараларына салғырттық танытуы бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр. Қауіпті індеттің екінші толқынының алдын алу үшін жергілікті билік тұрғындарға карантин талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Алайда сақтыққа немқұрайлық танытып, ескертуді елемейтін тұрғындар қатары азаймай келеді.
Мәселен, қалалық монитрингтік топтың қатысуымен жүргізілген рейд шараларында екі күннің ішінде санитарлық нормаларды сақтамаған 25 заң бұзушылық анықталған. Оның 19-ы той жасау фактісі болса, 6 кәсіпкерлік субьектісінен анықталды.
Жалпы карантин кезінде төтеннен келген кеселге немқұрайлы қарап, санитарлық талаптарды ескермеген 134 қала тұрғынына қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан әкімшілік хаттама толтырылып, шара көрілді.
Брифинг барысында қала әкімінің орынбасары той-томалақтарды, думанды кештерді, отбасылық және басқа да басқосуларды тоқтату өңірдегі ахуалды ушықтармаудың бірден-бір тиімді амалы екенін де атап өтті.
20 қазан 2020 ж. 834 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?