Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН "ҚАУІПСІЗ ҚАЛА" ЖОСПАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Ағымдағы жылдың 15-31 қазан аралығында құзырлы мемлекеттік мекемелердің бірлесуімен Қызылорда қаласы аумағында
«Қауіпсіз қала» атты іс-шара жоспары бекітіліп, рейд жұмыстары жүргізілуде.Іс-шара жоспарында - құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түрлі бағыттағы жұмыстар қамтылған.
Рейд жұмыстарына қалалық полиция басқармасының, қалалық прокуратурасының, қала әкімдігінің мамандары және жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен волонтерлары жұмылдырылды.«Қауіпсіз қала» іс-шарасының алғашқы күндерінің өзінде көптеген құқық бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, 15-18 қазан аралығында жол қауіпсіздік ережелерін сақтамаған автокөліктің 20 дерегі, оның ішінде, бір азамат автокөлікті мас күйінде басқарғандығы және 5 автокөлік қараңғылатқыш (тонировка) таққандығы үшін, әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Сонымен қатар, рейд барысында карантин талаптарын сақтамай жұмыс істеп тұрған «Бункер», «IGame», «Энерджи» «Сони» ойын клубтарының иелері мен келушілеріне және ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдеріне тиісті шаралар көрілді.
Сондай-ақ, отбасылық жиындар мен тойларды өткізудің 19 дерегі бойынша той иелерінің құжаттары жинақталып, Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тиісті шаралар қолдану үшін жолданды.
Осы ретте, қала тұрғындарын құқық бұзушылықтарға бармай, карантин талаптарын сақтауға шақырамыз!
Аталған іс шара жұмыстары айдың соңына дейін өз жалғасын табатындығын жеткіземіз.
20 қазан 2020 ж. 762 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?