ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ
15 қазан күні «QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығында «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастырумен, жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында жастар мен жас отбасылар арасында облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің меңгерушісі – Абдихалыкова Алима Жакуповнамен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында отбасының маңызды сипаты, құрылымы. отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы жайында сөз қозғалды. Шара жоғары деңгейде, қызықты өтті.
Жас отбасыларға арналған кездесу психологиялық семинар-тренингке ұласты. ҚР психологтар қауымдастығының мүшесі, «Бітім-Медиация» орталығының психолог маманы – Аймаханова Назира Кенжебекқызы еркін форматта жастар мен жас отбасыларға арналған семинар-тренигті жүргізіп, отбасы туралы көптеген тың ақпараттар беріп, сергіту сәтінде қызықты ойындар ұйымдастырды.
Тренинг соңында Назира Кенжебкеқызы белсенді қатысушыларға өзінің жеке қабылдауына сертификаттар табыстады. Тренинг қатысушылардың көңілінен шықты.
Одан кейін «Жас отбасыларды қолдау» әлеуметтік жобасы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестінің ұйымдастыруымен ЖОО және ОАО оқу орындарының жас отбасылары арасында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингті психолог-маман, тренер Абдрахманова Сымбат ханым жүргізді. Аталмыш шара барысында отбасыдағы қарым-қатынас және бала тәрбиесі жайында сөз қозғалып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.