Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«АРАЙ-ШҰҒЫЛА» ТҰРҒЫН АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Қызылорда қаласы «Арай-Шұғыла» тұрғын ауданында ауыз су мәселесі өзекті мәселердің бірі болатын.  
Қала әкімінің тапсырмасымен аудан тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында су құбырын тарту үшін жоба сметалық құжаттамалары дайындалып, нәтижесінде Жібек жолы көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейінгі аралықты қамтитын ауыз су желісінің құрылысы бастау алды.  Құрылыс жұмыстарын «Механизатор» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. 

Жоба бойынша ұзындығы 7 мың 864 м болатын d160/110 магистральді құбыр және 175 жеке тұрғын үйге ауыз су құбырын кіргізу қарастырылған. 
Қазіргі таңда 2 мың 300м магистральді құбыр салынып, 86 жеке тұрғын үйге ауыз су құбыры кіргізілді. 

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында шағын аудан тұрғындары толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

Осы уақытқа дейін суды сырттан тасып ішіп, тіршілік көзінен  тапшылық көрген тұрғындар үшін бұл үлкен қуаныш. 
Осындай оң, игі іс тұрғын аудан жолдарын жөндеумен жалғасын таппақ.
18 қазан 2020 ж. 997 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?