Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

БҮГІНГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК – ЕРТЕҢГІ КҮННІҢ АЙНАСЫ

БҮГІНГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК – ЕРТЕҢГІ КҮННІҢ АЙНАСЫ

Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті жерлестер!

Соңғы кездері көше бойында орналасқан архитектуралық кіші формалар мен ескерткіштерді, аялдамалар мен саябақтарды, жалпы қоғамдық орындардағы қала тұрғындары үшін жасалған мүліктерді қирату, бүлдіру сынды әрекеттері белең алуда. Бұл әрекеттің барлығы аумақтағы бірқатар жастар мен жасөспірімдердің вандализм, тәртіпсіз әрекетінің көрінісі.


Инстаграм әлеуметтік желісінде «Аналар аллеясы» атындағы саябақ маңдайшасының белгісіз тұлғалар тарапынан бүлдіру-сындыру әрекеттері орын алғандығы жарияланған болатын. 


Ұлтымыздың шежіресінде еріне адал жар, баласына ардақты ана болуымен ұрпаққа өнеге, отбасына ұйытқысы болған Аналарымызды ұлықтау мақсатында Бегім ана көшесінен "Ана бақыты" ескерткіші жанынан бастау алатын «Аналар аллеясы» 2017 жылы пайдалануға берілген болатын.


Қала тұрғындарының жайлы демалысы үшін салынған бұл аллея құрылысы елге жанашыр мекемелердің бірі «Абзал и К» компаниясының демеушілігімен салынған.


Ел игілігіне берілген нысанның бүлінуіне қатысты калалық полиция басқармасы қатаң түрде тиісті құқық бұзушы тұлғаларды анықтап, жауапкершіліктерін қарайтын болады.


Мұндай мәселелер тек әкімдік немесе құқық қорғау органдары тарапынан ғана емес қоғамдық бақылауға алынуы керек. 


Еліміздің болашағы саналатын бала тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарап, мемлекет мүлкінің бұзылуына жол бермеуге және осындай іс-әрекеттердің орын алуының алдын алуға шақырамыз!


Қала ортақ үйіміз! Сондықтан ондағы әрбір мүліктің қалыпты жағдайда болуы біздің жауапкершілігімізде!


ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

15 қазан 2020 ж. 634 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?