САҚТЫҚҚА САЛҒЫРТТЫҚ ТАНЫТПАҢЫЗ..
Карантин режимі кезінде талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда.
Әдеттегідей, мобильді топ мүшелері індеттің алдын алу және сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында қала орталығында және шет аймақта орналасқан бір қатар кәсіпкерлік нысандар араланып, санитарлық талаптары қадағаланды. Сонымен қатар топ мүшелері қала орталығында орналасқан "Қуаныш" мейрамханасында 150 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты және келген қонақтарды қайтарды.
Ал той жасауға рұқсат еткен мейрамхана әкімшісіне анықтама толтырылып, құзырлы органдарға жолданды.
Айта кету керек, Қызылорда блысының Бас санитариялық дәрігерінің №24 қаулысының 1.1. тармағына сәйкес көпшілік іс-шараларын, спорттық көпшілік, отбасылық естелік, салтанатты, мерекелік, мәдени-көпшілік, конференциялар, семинарлар, көрмелер тағы да басқа көпшілік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойы, мерей той, еске алу және т.с.с) және басқа да адам көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде тұрғылықты мекен-жайы бойынша іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.
"Саулық - сақтықта!" Өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығын сақтауда аса жауапкершілік танытып, вирустан барынша қорғану үшін бес алтын ережені сақтауға шақырамыз: 1) қолды жиі жуу; 2) бетперде тағу; 3) ара-қашықтықты сақтау; 4) қолмен амандаспау; 5) адам көп шоғырланатын жерлерде болмау.