АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
ҚҰРМЕТТІ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАР!
2020 жылдың 4 – ші тоқсаны бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар үшін өтініш берушінің қатысуынсыз автоматты түрде өтініштері қалыптастырылуда.
Осыған орай, автоматты түрде өтініш қалыптасқандығы жөнінде немесе қайта құжат өткізу керектігі жөнінде ақпарат алу үшін және 4-ші тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін отбасыңыздың 2020 жылғы 3-ші тоқсандағы табыстарды ескере отырып, қайта есептеу жұмыстары жүргізіледі. Құжаттарыңызды жұмыспен қамту орталығына («Бақытты отбасы» орталығы) өткізу керектігін назарларыңызға жеткіземіз.
Осыған байланысты, жедел түрде шілде, тамыз, қыркүйек айлары үшін жұмыс орнынан айлық табыс туралы анықтама, алимент алатын жағдайда алимент туралы анықтама, жеке кәсіпкерлерге табыстары туралы декларация апарып өткізу керектігін білдіреміз.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 1-ші қарашадан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың құрамындағы 1-18 жастағы балалары үшін тағайындалған кепілдендірілген әлеуметтік пакетін беру ғаламтордағы aleumet.egov.kz сілтемесінде орналасқан әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылатын болады.
Портал арқылы кепілдендірілген әлеуметтік пакетті алу үшін әрбір азаматтың жеке электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦП) болуы керектігін хабарлаймыз.
Осыған орай, ағымдағы жылғы қазан айының аяғына дейін электрондық цифрлық қолтаңба ашу керектігін ескертеміз.