ҚАЛА ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібіндегі тақырыптар талқыланбас бұрын шаһар басшысы кадрлық өзгерістерге тоқталды.
Бұған дейін қаланың ең күрделі саласы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келген Рахматуллаев Елмұрат Нұрмаханбетұлы Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанын айтып, еңбек жолында Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, қала әкімінің кеңесшісі сынды жауапты қызметтерді атқарған, жоғары білімді және тәжірибелі маманның жаңа қызметімен құттықтай отырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жаңа басшысы Далабаев Біржан Далабайұлын таныстырды.
Заңгер, құрылыс мамандықтарын игерген Біржан Далабайұлы еңбек жолында қызметтің түрлі сатыларынан өтіп, 2014 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып, Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен бөлім басшысы қызметіне тағайындалды.
Мәжілісте «Қызылорда жылу электр орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жаңа директоры Науырыз Сатханов та таныстырылды. Бұған дейін қалалық электр тораптары басқармасының директоры қызметін атқарып, әріптестерінің арасында зор абырой мен беделге ие болған Дінмұханбет Әбдіреевтың жаңа қызметке ауысуына байланысты басшылық қызмет Орынбек Дәуеновке сеніп тапсырылды.Келелі жиында шаһар басшысы Дінмұханбет Сейдуллаұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, жұмысына сәттілік пен табыс тілеп, қаланың энергетика және коммуналдық саласының дамуына, қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын сақтауға лайықты үлесі үшін «Құрмет грамотасын» табыстады.