Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕСУ - ОРТАҚ МҮДДЕ

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мен "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытталған ақпараттық-түсіндірмелік шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында "Айтбек" және "Жайна" сауда орталықтарында "Қала тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында акциялар өткізілді. 


Акцияда қала тұрғындарына ақпараттық танымдық материалдар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жоба аясында ағымдағы жылдың 15-17 қыркүйек аралығында С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде және Белкөл кентінің клубы мен М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде, Қызылжарма, Ақсуат және Ақжарма ауылдық округтерінің мәдениет үйлерінде  «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинарлар өткізілді.

Семинар жұмысына кент әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері, мешіт имамдары, мектеп, балабақша, мәдениет және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, жалпы білім беретін мектептердің дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты.


Семинарда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі Қ.Кеңесбеков, қалалық жастар ресурстық орталығының теолог маманы, дінтанушы Ж.Қарғабаев және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі Ж.Тұсмағамбетов тақырыптық баяндамаларын жасап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.


Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу бойынша құрылған Қызылорда қалалық ақпараттық-түсіндірмелік топ мүшелерінің біліктілігін көтеру мақсатында 2020 жылдың 22-23 қыркүйегінде облыстық жастар ресурстық орталығында семинарлар өткізілді. 


Семинар жұмысына қалалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері, кент және ауылдық округ әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық келісім төрағалары және білім, мәдениет пен бюджеттік сала мамандары, мешіт имамдары және жастар өкілдері қатысты.

Семинарда Дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, тарихшы-дінтанушы Ахан Жарас Иебергенұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиал доценті Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы «Дінаралық келісім ұстанымының саяси сипаты», «Әлемдік өркениетаралық тартыс құпиясы», «Дін мен мәдениет қатынасы», «Деструктивті діни ағым мүшелерінің психологиялық бейнесі және оларды оңалту бағыттары» тақырыптарында хабарламаларын жасап, қатысушылармен пікір алмасты.


Сонымен қатар, 2020 жылдың 24-29 қыркүйегі аралығында Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде тұрғындар және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді.

Осы орайда ағымдағы жылдың 24-25 қыркүйегінде қалаға қарасты Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Қызылжарма, Ақсуат, Ақжарма, Талсуат, Қызылөзек, Қарауылтөбе және Қосшыңырау  ауылдық округтерінің тұрғындары және қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерімен Дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Тышхан Кеңшілік тақырыптық баяндамаларын жасап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.


Одан әрі 28-29 қыркүйек күндері «Мұз айдыны» ШЖҚКМК-де, Облыстық жастар ресрустық орталығында, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-да, Қызылорда жылу электр орталығында және Қызылорда қаласындағы №264, №235, №140, №136 мектеп- лицейлерінде еңбек ұжымдарымен «Дінтанушылар конгресінің» сарапшысы, «Рухани құндылықтарды қолдау» қорының сарапшысы Иманбаев Мейрам Өткілбайұлының қатысуымен кездесулер өткізілді. 

         Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады. 

01 қазан 2020 ж. 1 055 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?