Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов пен шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың басшылығымен бірқатар сала басшыларының қатысуымен жиналыс өтті. Басқосуда қаланың өзекті мәселелері кеңінен талқыланып, оны шешу жолдары сараланды.
Жиында жол, су, жарық, жылу, тұрғын үй құрылысы және тасымалдау саласы бойынша түйткілді мәселелердің түйіні тарқатылды. Алдымен шаһардың жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Биыл жылу беру маусымы жылдағы кестеге сай 15 қазаннан басталады деп межеленген. Бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған нысандардың  90 пайызы қысқы маусымға дайын. Қалған аумақ жылу қабылдауға 10-қазан күні толығымен дайын болмақ. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов мәлім етті. Айтуынша қала бойынша 7 кварталішілік жылу желілерінде соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр.                             
Бұл жұмыстар апта ішінде аяқталып, пайдалануға берілетін болады. 

Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары күн райы күрт өзгеріп,  бірнеше күн қатарынан сынап бағанасы төмендесе, қаланы жылумен қамту ертерек басталуы қажет екенін баса айтып, дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
Отырыста ортаға салынған келесі тақырып жол құрылысы. Биыл жыл көлемінде республикалық, облыстық және жергілікті бюджет есебінен қала аумағында 200-ден аса көше күрделі, орташа жөндеуден өтуде. Халықтан келген арыз-шағымдар ескеріліп, басымдық қалаға қарасты кент және ауылдық округтерге, қаланың шет аумақтарына берілген. Қарқынды жұмыстар негізінде көптеген тұрғын жол азабынан құтылып, жаңа жолдың игілігін көруде. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұл жұмыстардың алдағы жылы да қарқынды түрде жалғасатынын айтып, жыл аяғына дейін арнайы жоба дайындалып, республикаға бюджеттік өтінім берілетінін жеткізді. 
Тұрғын үй құрылысының қарқыны мен сәулеттік кескіні де күн тәртібінде қаралды. Бұл ретте сала басшылары жұмыстардың жоспарға сай атқарылып жатқанын жеткізіп, межелі жұмыстар жыл соңына дейін аяқталатынын айтты. Жалпы биыл қала көлемінде 345 529 шаршы метр тұрғын пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Құрылыстың негізгі бөлігі Сырдария өзенінің сол жағалауында.  
Келелі жиында су жүйесі мен жарық желісіне қатысты мәселелер де талқыға түсіп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Жиынды қорытындылай келе қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тапсырмалардың хаттамаға сәйкес облыстық басқармалармен бірлесе атқарылуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
29 қыркүйек 2020 ж. 879 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?