Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА КҮНІНДЕ ОЙЫН АЛАҢДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қала күнінде пайдалануға берілген нысанның бірі шаһар орталығындағы балалар ойын алаңы. 

Балаларға қуаныш сыйлаған спорттық алаңқай  Панфилов 31 а мекенжайында орналасқан. Мұнда спорттық жаттығуға арналған құрал-жабдықтар мен футбол алаңы салынған. Қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов  мереке аясында табысталған ойын алаңын көріп, тұрғындарды қала күнімен құттықтап, балаларға теңбіл доп сыйға тартты. 

Өз кезегінде көп балалы ана Тамаша Әбілқасымова тұрғындар атынан алғыс айтып, осындай алаң салынып, балалардың уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізетінін және өз  ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, ағымдағы жылы қаламызда 3 жерге стритбол және спорттық жаттығу алаңдары мен  қала аумағындағы көппәтерлі үйлердің аулаларына 30 ойын алаңын салу жоспарланған. Қазіргі таңда бұл нысандардың құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар қала бойынша 60-тан аса ойын алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
26 қыркүйек 2020 ж. 843 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?