Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА КҮНІНДЕ Ы.ҚАЛИЕВТІҢ БЮСТІ АШЫЛДЫ

Қала күніне орай облыс орталығында аймақ басшысы мен шаһар әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс және еңбек  ардагері Ыдырыс Қалиевтің ескерткіш-мүсіні ашылды.

Шара барысында Сыр халқына ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың жолдаған арнайы Үкіметтік құттықтау жеделхаты оқылып, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ел  ардақтысы туралы естеліктерімен бөлісті. Қайраткер бюстінің ашылу салтанатына асда тұлғаның жұбайы Қанзира Қалиева қатысып, ел азаматының еңбегін ұмыт қалдырмай, кейінгі ұрпақ жадында жаңғыртуды қолға алған жандарға алғысын айтып, ыстық ықыласын жеткізді.

Арда тұлға көзі тірісінде еселі еңбегімен аймағымыздың абыройын асырып, өз еліне, туған топырағына деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын іспен көрсетті. 
Еткен еңбек, төккен тердің арқасында жауапты қызметтерді абыроймен еңсеріп, талай жылғы табанды тірліктің лайықты бағасындай «Еңбек Қызыл Ту» орденін 2 мәрте алып, Отан соғысы, «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына алты рет, Қазақстан Компартия съездеріне, КОКП-ның ХХVII съезіне делагат болып сайланған. Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және тағы да басқа медальдарымен марапатталған. Қызылорда облысының, қаласының, Қазалы, Арал аудандарының Құрметті азаматы, Сыр өңірінің батагөйі, ақылман ақсақалы болды.
Ы.Қалиевтің мүсіні Желтоқсан - А.Тоқмағамбетов көшелері қиылысына орнатылды. Қола металынан жасалған мүсіннің биіктігі – 1 метр болса, граниттен дайындалған тұғыр биіктігі – 2,3 метрді құрайды. Мүсін авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Аманкелді Кененбаев.
26 қыркүйек 2020 ж. 828 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?