Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА КҮНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қала күніне орай Жаппасбай батыр көшесінде бой көтерген 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Білім ұясы соңғы үлгіге сәйкес оқушылардың жарық та кең, жаңа технологиялармен жабдықталған сыныптарда сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ мектеп жанынан ерекше балаларға арналған арнайы орталық ашылатын болады.
Жаңа білім ұясы 120 адамды жұмыспен қамтыған. Білім ұясының құрылысын «Ария-Жаңа Астана» ЖШС жүргізді. 43 мың 497 шаршы метр жерге орналасқан ғимараттың ауласының жалпы көлемі 8721,8 гектарды құрайды.
Биыл жаңа мектепте оқушылар санитариялық нормаларды қатаң сақтай отырып, II тоқсаннан бастап оқитын болады.Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында қаладағы №23, 43, 112, 173 мектептерінде және Белкөл кентіндегі «Балапан» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы аясында қала іргесінде орналасқан Ақсуат ауылдық округіндегі №143 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Бұдан бөлек, Халықаралық жобалар арқылы қайтарымсыз грант негізінде № 1, 4, 176 мектептерде жөндеуден өтті. Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, «Бәйтерек» шағын ауданынан 600 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Саяхат мөлтек ауданы мен Е.Демесінов көшесінен жеке инвестор есебінен білім ұясын салу да қолға алынды.
25 қыркүйек 2020 ж. 1 256 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?