Құрметті қала тұрғындары!
Қазіргі таңда Қызылорда қаласында қала тұрғындарына сапалы да жайлы жағдай жасау үшін тозығы жеткен инженерлік желілерді қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Соңғы жылдары Қызылорда қаласының ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 16 млрд. теңгеге жуық қаржы тартылып, қала халқы таза жер асты суларын тұтынуда.
Биылғы бір жылдың өзінде, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 13 жоба бойынша Республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд. 584 млн. теңгеге 10 шақырым ауыз су және 7 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаңғыртудан өтуде.
Қалаға қарасты елді мекендерде ауыз су жүйелерін жүргізуге
8 жоба бойынша (7 елді мекенге) республикалық, облыстық бюджеттен
1 млрд. 34,8 млн. теңгеге 74,5 шақырым ауыз су, 2 дана су жинау қоймасының құрылысына қаржы бөлінді.
Жыл сайынғы, жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қалаішілік су құбырларының 70 пайыздан астамы толық жаңартылды.
Қала көлемінде бүгінде жаңа су жүйелері жүргізілуде және ауыз су жүйесіндегі судың қысымын көтеруге, 2018-2019 жылдардың қысқы жылу маусымына дайындығына байланысты 2018 жылының
20 қыркүйек күні кешкі сағат 18:00-ден 21 қыркүйек күні сағат 12:00-ге дейін «Қызылорда қаласы Абай даңғылы «Южный» мөлтек ауданында орналасқан су жүйесінің ауыстыру камерасындағы ескі су құбырларын ажырату жұмыстары жүргізіледі.
КӨРСЕТІЛГЕН УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА
- қала орталығында;
- Арай;
- Ипподром;
- Саяхат;
- Сәулет;
- Астана;
- Сырдария мөлтек аудандарына;
- Тасбөгет кентіне - ауыз су берілуі уақытша тоқтатылады.
Қаламыздың басқа аудандарында, яғни Ақмешіт, Мерей, Титов, Гагарин, Қызылжарма, Шанхай, Коммунизм, КБИ, Аль-Фараби тұрғын аудандарында ауыз су үздіксіз беріледі.
Тұтынушылардан қажетті ауыз су көлемін жинап алуларыңызды және уақытша жайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Құрметті жерлестер!
Қала тұрғындарының игілігі үшін жасалынып жатқан ауқымды жобалар мен тың бастамаларға қолдау көрсетейік.