ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАЛА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Мерекелік бағдарлама аясында облыс әкімі мен шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қайта жаңғыртудан өткен «Сыр Ана» монументіне барды.
Аймақ басшысы «Сыр Ана» алаңындағы қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысып, қала тұрғындарына арнайы құттықтау сөзін жолдады.
Ізгі лебізінде аймақ басшысы «Биыл Қызылорда қаласының 202 жылдығын атап өтудеміз. Облыс орталығы күннен күнге көркейіп келеді. Демографиялық өсу мен қатар қаланың аумағы да үлкеюде. Жаңадан мөлтек аудандар бой көтеріп, Сырдария өзенінің сол жағалауы да қарқынды дамуда. Міне бүгін бірнеше нысанды пайдалануға берудеміз, барлығы ел игілігіне қызмет ететін болады. Мереке құтты болсын!» - деп, барша қызылордалықтарды құттықтады.
«Жұмыспен қамту жол картасына» сай жаңғыртудан өткен Сыр ана монументінің аумағында 3 мыңнан аса шаршы метр жер көгалдандырылып, ағаш көшеттері, газон төсеу жұмыстары жүргізілген. Монумент маңындағы жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып, 2 спорттық ойын алаңы салынған. Заманауи үлгідегі 2 субұрқақ 2012 жылы бой көтерген әсем ғимараттың ажарын айшықтай түскен. Кешен қала тұрғындары мен қонақтарының жиі баратын демалыс орнына айналып та үлгерген.