Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қалалық денсаулық және демалыс саябағы ашылды

Бүгін Сұлу Сырдың жағасында бой түзеген, Алаштың рухани ордасы, келбеті көркем – Қызылорда қаласының туған күні.
«Қала күні» мерекесіне орай аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар нысандарды ашып, қала халқын мерекемен құттықтады.
Қойнауы тағылымды тарихқа толы Алаштың Ақмешіті – Қызылорда қаласының мерейлі мерекесінің салтанатты ашылуы «Қалалық денсаулық және демалыс саябағының» пайдалануға берумен ұштасты.
Мереке күні ел игілігіне берілген бұл саябақ облыс орталағының келбетіне көрік қосқан аллеяның біріне айналмақ. Саябақтың ашылу рәсімінде облыс әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап, «жаңа саябақ келушілерге қолайлы демалыс сыйлайтын жайлы ортаға айналсын» - деп, ізгі лебізін білдірді.
Саябақты өңір басшысына таныстырған шаһар әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алдағы уақытта кәсіпкерлерді ұйымдастырып, ойын аттракциондарын орнатып, бұл аллея спорттық, патриоттық іс-шаралар өткізетін орынға айналатынын жеткізді.
Айта кетейік, 35 гектар аумаққа орналасқан аллеяда веложол, 6 спорттық ойын алаңы, аяқ су каналы, түнгі жарық шамдары барлығы үйлесімді орналасқан. Сонымен қатар 20 717 көшет пен, 61 мыңға жуық гүлдер егіліп, 10 450 шаршы метр аумақ абаттандырылған.
25 қыркүйек 2020 ж. 1 087 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?