ҚАЛА ӘКІМІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫ "ҚАЛА КҮНІМЕН" ҚҰТТЫҚТАДЫ
Құрметті қызылордалықтар!
Қарқынды құрылыс алаңына айналған Қызылорда жылдан-жылға қанатын кеңге жайып, тұрғын үймен қамту еселеп артып, тұрғындардың сапалы да жайлы тұрмыс кешуіне барлық жағдай жасалуда. Халқымыздың айнымас бірлігінің, тату тірлігінің арқасында Сырдың бас шаһары жаңарып, жасарып, сәні мен салтанаты келіскен, бүгінгі заманға сай келбетке ие болуда. Біз баршамыз аймағымыздың тарихымен, дәстүрімен, сүйікті қаламыздың көркем келбетімен мақтанамыз.
Бүгінгі мереке өткеннен өнеге алу, бабалардан қалған бай мұра мен асыл құндылықтарымызды ертеңгі ұрпаққа аманаттау, ұлттық қасиетіміз бен салт-дәстүрімізді, қаламыздың жарқын жетістіктерін дәріптеу.
Осынау мерейлі мерекеде баршаңызға мерекелік көңіл-күй, әр отбасыға амандық, бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Барлық игі бастамаларыңыз табысқа, жаңа биіктер мен шығармашылық жетістіктерге жол ашсын.
Қызылорда қаласының 202 жылдық мерекесі ырысты молайтып, құт-береке сыйлай бергей!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі
Н.Нәлібаев







