Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ІРГЕСІНДЕГІ ІРГЕЛІ ІСТЕР

Қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылдық округтерде атқарылған жұмыстарды тексеру мақсатында бірқатар нысандарды аралады.
Ақсуат ауылдық округі «Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында қаржылай қолдау тапқан. Қаралған қаржыға ауылдағы 1982 жылы салынған №143 орта мектепке араға 38 жыл салып күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде құрылыс толығымен аяқталып, 12 кезекші сыныпқа балалар қабылданған.
Сонымен бірге, ағымдағы жылы ауылда 16 көше орташа жөндеуден өтіп, оның 7 көшесіне асфальт салынса, қалған 9 көшеге қиыршық тас төселіп болады. Үнемделген қаржы есебінен тағы 5 көшеге жыл соңына дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Аталған жұмыстар негізінде ауылдың жұмыссыз жүрген 40 азаматы жұмыспен қамтылған.

Ақсуаттықтар үшін тиімді болған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына сай ауыл орталағында орналасып, бұған дейін жөндеу көрмеген Ү.Тоқмағамбетова көшесіне де асфальт төселген. Асқарбек Темірбекұлы жолды қабылдау барысында сапасына мән беру керектігін баса айтты.
Қала әкімінің орынбасары өткен жылы күрделі жөндеуден өткен «Асыл-Ай» бөбекжай – бақшасына аялдап, қажетті жабдықтарына облыстық бюджеттен қаржы бөлінген балабақшаның материалдық-техникалық базасын тексерді.
Ауылда қаладан шыққан пайдалануға жарамды бағдаршам, жарық бағаналары, жаяу жүргінші жолдарына қажетті құрылыс заттарын тиімді пайдаланып, ауылдың қажеттілігіне жаратуда жолға қойылған. Мәселен, Ж.Маханбетов ауылының орталық көшелерінің 1,6 шақырымына қалада пайдаланылған брусчаткалар мен бордюрлап пайдаланылып, тротуар салынған.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарлама аясында қаржы қаралып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысанның бірі Ақжарма ауылдық округіндегі «Облыстық наркология орталығына» қарасты медициналық бөлімше. 1983 жылы іргетасы қаланған 100 орындық нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстарына «Болашақ Интернэйшн Девелопмент» ЖШС жауапты. Қазір қайта жаңғырту 60 пайызға орындалған, мердігер желтоқсан айына дейін толығымен аяқтауды межелеп отыр.
Асқарбек Темірбекұлы жауапты мекеменің жұмысы қадағалауда болатынын ескертіп, нысандағы жөндеу жұмыстарына қарқын қосуды тапсырды.
Ауылдық округке қарасты Талдыарал елді-мекенінде жол мәселесі толығымен шешілген. Биыл ауылда ауыз су мен кәріз құбырлары да толығымен жаңартылды. 900-ге тарта тұрғыны бар Талдыаралда жаңадан қоныстанушыларға жер беру қарқынды жүргізілуде.

Қазір 200 ден аса жер телімі ашылып, қиыршық тас төселіп, ауыз су құбыры тартылған. Ендігі кезекте жарық жүйесін жеткізу мәселесі тұр.
17 қыркүйек 2020 ж. 858 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?