Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДАДА "ДӘРІГЕРЛЕР АЛЛЕЯСЫ" САЛЫНУДА

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бүгінгі жұмыс күнінде шаһардағы абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарының атқарылу деңгейін де тексерді. 
Алдымен қала басшысы 35 гектар аумаққа орналасып, облыс орталағының келбетіне көрік қосқан «Қалалық денсаулық және демалыс саябағын» абаттандыру жұмыстарын көрді. «Бақ – Береке 2030» ЖШС жоспарға сай саябақта веложол, 6 спорттық ойын алаңы, аяқ су каналы, түнгі жарық шамдары мен орындық, қоқыс жәшіктерін орнатқан. Сонымен қатар, 20 717 көшет пен, 61 мыңға жуық гүлдер егіліп, 10 450 шаршы метр аумақ абаттандырылған.

Саябақты аралап көрген шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев мердігер жұмысын жоғары бағалап, жасыл желекті көбейту мақсатында қала тұрғындарын күзгі маусымда тал көшеттерін отырғызуға үндеу керектігін айтты.

Шаһар басшысы «Жұмыспен қамту жол картасына» сай атқарылған жұмыстарды да тексерді. Қазіргі таңда «Сыр Ана» монументін қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды. «Техноснаска - Ремсервис» ЖШС 3150 шаршы метр аумақты көгалдандырып, 348 дана ағаш көшеттерін, 7 900 шаршы метрге газон төсеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, 10 454 шаршы жерге жаяу жүргіншілер жолы мен 2 комплект спорттық-ойын алаңы, 2 су бұрқақ салынды.

С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін 4,6 шақырымды құрайтын магистральді жол құрылысы қарқынды жүруде. «Қыран» ЖШС жоба бойынша күре жол бойына 3 шақырымға жуық веложол мен жаяу жүргінші жолын, 3 автотұрақ, 4 аялдама орнатып, түнгі жарық шамдармен қамтиды. Қазіргі уақытта 1,7 шақырым жолға қиыршық тас төселіп, дамбы бойын таспен бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асқан жобаның бірі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылын абаттандыру жұмыстары. Сыр сүлейлері аллеясынан бастау алып Тасбөгет кентіне дейін жалғасатын ұзындығы 8 шақырымнан аса жол бойын көгалдандырып, 4 субұрқақ пен тротуар салуды «Асанас - Дар» ЖШС жауапкершілікке алған. Мердігер жоба аясында 180 адамды жұмыспен қамтыған. Қала әкімі аралау барысында Облыстық көпбейінді аурухана маңына аялдап, абаттандыру жұмыстарының қарқынын көріп, бұл аумаққа «Дәрігерлер аллеясы» атауы берілетінін жеткізді.

15 қыркүйек 2020 ж. 704 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?