Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«DOSTYK KZ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Достық үйінде Ассамблеяның 25 жылдығына орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «DOSTYK KZ» атты жастар саясатын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты облыстағы жастар саясатын дамытуға бағытталған жаңа идеяларға, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға көңіл аударып, олардың облыс көлемінде іске асырылуына қолдау көрсету.

Байқауға 18-29 жас аралығындағы 6 жас және 4 команда қатысты.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында Qosyl қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Кеңшілік, республикалық және халықаралық стартап-жобалардың жеңімпазы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсендісі Евгений Демиденко және «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Айбек Дайрабай болды.
Байқау қорытындысы бойынша Абулхаир Ергалиев – І орынды, Альфараби Ислам – ІІ орынды, Бексұлтан Тұрсын – ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, ал «Ecoproject», «Clean World», «Helli», «Rise and fight» командалары және Әділхан Әжібеков, Баянсулу Тулебай, Өтеш Жаснұр байқауға қатысқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға сый-сияпаттар табысталды.
14 қыркүйек 2020 ж. 737 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?