Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ІРГЕСІНДЕГІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР

Бүгін қала әкімінің орынбасары Есжанов Асқарбек Темірбекұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге қалаға қарасты ауылдық округтердегі бірқатар нысандарды аралады.
Соның бірі, Қызылжарма ауылдық округіндегі халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатындағы жол жөндеу, жарықтандыру, ауылды ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз етудегі жүйелі жұмыстар барысымен танысты.
Ағымдағы жылы Қызылжарма ауылдық округінде «Өңірлерді дамыту-2020», «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламалардың негізінде 21 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 13 көшеге асфальт, 8 көшеге қиыршық тас төселді.
Көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін түнгі жарықтың орны бөлек. Бұл мақсатта биыл ауылда 7 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

«Шет аймақ» бағдарламасы аясында тұрғындарды ауыз сумен қамту мәселесі де оң шешімін тауып жатыр. «Мелиоратор» мекемесі ауылдың жаңадан қоныстанушы Қызылжарма-2 тұрғын ауданына 53,6 шақырым болатын ауыз су құбырларын тарту жұмыстарын бастап кетті. Демек, желтоқсан айының аяғында тұрғындар сапалы ауыз судың игілігін көрмек.
Бұдан бөлек, ауылдық округтегі 8 көшеде тозығы жеткен электр бағаналары да жаңалануда. Бұл жоба аясында бір фазалы 450 жеке тұрғын үйге, үш фазалы 35 жеке тұрғын үйге электр есептегіштертер ақысыз негізде орнатылуда.
Бұл игі істің легі өзекті мәселелердің оң шешімінің табылуына сеп болып отыр, ауыл тұрғындары да қуана құптап отыр.Келесі ауыл - Қосшыңырау ауылдық округіндегі Досан мен Абай ауылдары.

Жалпы, биыл ауылдық округте 5 көшеге тас төселіп, 2 көше асфальттанған. Мәселен, Абай ауылында барлығы 17 көше болса, оның ішінде 16 көше жолмен қамтылған, ендігі кезекте Досан ауылының жолдарын жаңартуға бет бұрған ауыл әкімі тас төсеу жұмыстарының басталып кеткендігін жеткізді.

Бұдан бөлек, халықтың сұранысы негізінде Абай ауылында спорт алаңы салынса, өнер иелерінің шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау мақсатында Абай ауылдық мәдениет үйінің төбесін жұмсақ жабынмен жабу жұмыстары жүргізілген.
Көше жарығын тұрақтандыру мақсатында Абай ауылында қосалқы станциясы орнатылмақ.
Сонымен қатар, Досан елді мекеніндегі № 20, 15 көшелеріне жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімінің орынбасары А. Есжанов қала әкімінің тікелей қолдауымен қала іргесіндегі ауылдарда инфрақұрылымды қалыптастыруға және одан әрі дамытуға жүйелі түрде қаржы қаралатындығын, әрі жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапалы орындалуы басты міндеттердің бірі екендігін жеткізді.
12 қыркүйек 2020 ж. 1 075 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?