Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

САПАЛЫ ӨНІМНІҢ САНЫ АРТУ КЕРЕК

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһар іргесіндегі бау-бақша егумен айналысатын мекеме жұмысымен танысты.
«Іскер-М» ЖШС алғаш рет 2016 жылы Бірқазан елді-мекенінде голландиялық бақша өнімдерінің тұқымдарын Сыр өңіріне жерсіндіруді қолға алған.16 гектар аумаққа 16 түрлі дақыл егіп, оның ішінен өнімділігі жоғары сұрыптарын таңдаған.
Биыл бұл бастамасын пилоттық жоба негізінде қала маңынан 1 гектарға жуық жер алып, қайта жандандырып отыр. Голландияның «Rijk Zwaan» компаниясымен бірлескен жоба бойынша 7 түрлі өнім егілген. Олар голландиялық тәтті жүгері, асқабақ пен қарбыз және қауынның Пиель де Сапо, Галия, Панталупа, Амморелло түрлері.
«Бұл өнімдер жоғары шыдамдылығы мен және дәмімен ерекшеленеді. Нарықта сұранысы жоғары дақылдарға тапсырыс берушілер дайын. Экспортқа шығаруды да жоспарлап отырмыз» - дейді, мекеме менеджері Арыстанбек Шайменов.
️Егіс алқабы тамшылатып суару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған бақшаны қашықтықтан басқару арқылы да суаруға болады.
Бақша аумағын аралап, өнім түрлерімен танысқан шаһар басшысы жергілікті өнімнің сапасына аса жоғары баға беріп, бау-бақша алқабының көлемін ұлғайтуды баса айтты. Өз кезегінде несібесін еңбекпен еселеп, ырзықты жерден терген егіншілер егіс көлемін ұлғайту мақсатында Бірқазан елді-мекенінен қосымша жерді жалға алуды заң аясында шешіп беруін сұрады. Қала әкімі мәселенің 2 апта ішінде шешілетінін айтып, сала басшыларына бағбандарға берілетін жерге инфрақұрылым тарту мен субсидия бөлу мәселесін де қарауды тапсырды.
05 қыркүйек 2020 ж. 770 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?