Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың
1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтауы
Қадірлі ұстаздар!
Құрметті оқушылар, ата-аналар!
Баршаңызды Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн жаңа жобалар мен ізденістердің, жаңа идеялардың бастауы. Жаңа оқу маусымы білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктеліп, алға қойылған міндет нақты іске айналатын кезең. Еліміздің дамуына үлес қосатын саналы ұрпақтың зердесіне білім мен тәрбие алауын жағатын уақыт.
Биылғы оқу жылы алғаш рет ерекше форматта басталды. Коронавирус пандемиясына байланысты бірінші тоқсанда қаламыздағы барлық мектептер оқушыларға қашықтықтан оқыту форматында білім береді. Әдепкіде абдырап, біршама әбігерге түстік. Әйтседе цифрландыруға басымдық берген мемлекеттік бағдарлама негізінде технологиялық трендтерді тиімді игеріп, ұстаздардың кәсіби біліктілігінің арқасында саладағы қиындықтарды еңсеріп, жаңа оқу жылын жүйелі жоспарлай алдық.
Қымбатты оқушылар!
Қазіргі таңда, мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қамқорлық көрсетіліп келеді. Оның ішінде біздің қаламызда да көптеген оңды істер атқарылуда. Жыл сайын жаңа білім ошақтары мен балабақшалар пайдалануға беріліп, материалдық техникалық базалары жаңартылуда.
Сіздердің игіліктеріңіз үшін жасалынып жатқан қамқорлық пен зор қолдаулардың арқасында білімдеріңізді толықтырып, жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін!
Білім – баға жетпес рухани байлық, ғылымның іргетасы, мемлекет дамуының алтын арқауы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде «Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды – жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі», - деп жаһандану дәуірінде білімді ұрпақты жарқын болашақ күтетінін айқын жеткізді.
Ал ұлтымыздың ұлы перзенті, күллі қазаққа ұстаз болған дана Абай «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен.
Сондықтан Сіздер қай кезеңде болмасын ілім-білім жинауға қашан да асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдеріңізді кәдеге жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтар қатарынан болатындарыңызға сенемін!
Алаштың ардақты азаматы Міржақып Дулатовтың: «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», – деген ұлағатты сөзі бар.
Зерделеріңізге тоқыған білімдеріңіз бен бойға дарыған ұлағатты тәлімдеріңіз жарқын болашаққа жол ашсын!
Қадірлі ұстаздар қауымы!
Өткен оқу жылында қол жеткізген жетістіктеріміз аз болмады. Бұл ретте ел болашағын тәрбиелеп жүрген мәртебелі мамандық иелері Сіздердің тынымсыз әрі жемісті еңбектеріңізді атап өткен жөн.
Ізгілік пен ізденісті жоғары қойып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, осы жолға ғұмырын арнаған игі қызметтеріңізге табыс тілеймін!
Мәртебелеріңізді асырар шәкірттеріңіз көп болғай!
Жаңа оқу жылы жетістіктерге жетелесін!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі Н.НӘЛІБАЕВ
01 қыркүйек 2020 ж. 3 014 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?