Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫН ӘР ҚЫРЫНАН ЖАҢАШАЛАУДА

Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз туры бүгін абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан саябақтарда жалғасын тапты.Қала аумағында «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында «Тағзым алаңы», «Сыр Ана» монументі, «Темір жол паркі», Назарбаев даңғылы абаттандыру жұмыстарынан өтуде.

Аралау барысындағы алғашқы нысан «Теміржол» саябағында «Иман» ЖШС мердігер мекемесі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Мұнда қала тұрғындары волейбол мен баскетбол алаңдарында салауатты өмір салтын сақтап, ретро сахнаның бойында субұрқақтың салқын лебі аясында демалысын өткізбек. Сонымен қатар, саябақ жолдары жаңашаланып, брусчатка төселеді. Нысан қыркүйек айының аяғында пайдалануға беріледі деп күтіледі.
Келесі, «Тағзым алаңы» аумағындағы қайта жаңғырту мен абаттандыру жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Қазіргі уақытта жоспарға сай алаңның 5 мың 780 шаршы метр аумағына түрлі-түсті, 530 шаршы метр жеріне сұр брусчаткалар төселіп, бордюрлар қойылған. Сонымен бірге қоқыс жәшігінің саны артып, демалушылар үшін 30 дана орындықтар орнатылады және нысан 300 метр темір қоршаумен қоршалатын болады.
Жаңғырту жұмыстарына жауапты «Асанас-Дар» ЖШС түнгі жарықтандыру шамдарын жаңалап, 10 мың 450 шаршы метр көгалдандыру жұмыстарын өз қаржысы есебінен жүргізіп, демеушілік білдіруде. Алаңды қайта жаңғырту қыркүйек айының ортысында толығымен аяқталатын болады.

Сұлу Сырдың символына айналған «Сыр ана» монументінде «Техноснастка-Ремсервис» ЖШС мердігер мекемесі 3 мың 150 шаршы метр аумаққа көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, екі заманауи субұрқақ орнатқан. Мұнда жаяу жүргінші жолы, жаңа үлгідегі орындықтар, жарық бағаналары және 2 спорттық-ойын алаңы үлкен аумақты қамтыған.Мұнан кейін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойындағы абаттандыру жұмыстары мен жаяу жүргінші жолының құрылысымен танысты. 6 шақырымға жуық жол бойын көгалдандырып, тротуар салуды «Асанасдар» ЖШС жауапкершілікке алған.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне жаңа демалыс орындарын, ескі саябақтардың қайта қалпына келтіру, абаттандыру жұмыстарымен таныстырған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Абзал Рысбек жұмыстардың қала әкімінің бақылауында екендігін баса айтты.
29 тамыз 2020 ж. 1 049 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?