Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬДАРМЕН МАРАПАТТАДЫ

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай ел дамуына елеулі үлес қосқан, елге еңбегі сіңген мемлекет және қоғам қайраткерлерін, қаламыздың дамуы мен гүлденуіне, әлеуметтік-экономикалық ахуалының артуына атсалысып, еңбегімен ерекшеленген бірқатар азаматтарды марапаттады.
Қала әкімі алдымен шараға жиылғандарды еліміздің басты құжаты, еркіндігіміздің кепілі, тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры, айбарлы Ата заңымыздың ширек ғасырлық мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚР Конституциясына 25 жыл мерекелік медальдарын табыстады.
Марапаттау рәсімінде шаһар басшысы Елбасының тарихи бастамасымен елімізде жүзеге асып жатқан Конституциялық реформа қазақстандық қоғамның одан әрі саяси дамып жетілуіне, әлемдік қауымдастықтар алдында беделінің нығая түсуіне негіз қалағанын атап өтті.Мерекелік жиында сөз алған ардагер Жарылқасын Шәріпов пен ардагер журналист Айткүл Шалғынбаева тірлігі тату, бірлігі бекем, тәуелсіз еліміздің жаңа бейнесін қалыптастыруға жол ашқан Конституциямыздың маңыздылығына тоқталып, мәртебесі мәңгі биік болуын тіледі.
29 тамыз 2020 ж. 946 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?