Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

САПАСЫЗ ТАУАРДЫ АЙЫРБАСТАУ ЖОЛДАРЫ

Сапасыз тауарды айырбастау әлде қайда оңай. 

Заңның 30 бабы 1-1 тармақшасына сәйкес, сатушы мерзімі өткен, техникалық регламентпен белгіленген, өнімнің нормативтік құжаттарының талаптарына сай емес, соның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзылып өндірілген, оның пайдаланғанына, тауарлық түрінің, қасиеттерінің, пломбасы мен заттаңбаларының сақталмағандығына қарамастан сапасыз тауар сатып алынған 30 күнтізбелік күн ішінде айырбастауға   немесе ақшасын қайтаруға міндетті. Сатып алынған сапасыз тауар қолданыста болмаған сондай тауарға айырбасталуы немесе тұтынушыға тауарға жұмсалған ақшалық сомма қайтарылуы тиіс. Тауарды қайтару кезінде сатушы тауардың жартылай немесе толықтай пайдаланылғандығы, тауарлық түрінің сақталмағандығы немесе өзге де себептермен оның соммасынан ақша ұстап қалуға хақысыз.

Заңның 30-бабы, 2-тармақшасына сәйкес, тұтынушы тауардың кемшіліктерін анықтап сатушыға оның айырбастау жөнінде талап қойған жағдайда сатушы (өндіруші) оны дереу айырбастауға міндетті. Тауардың сапасын қосымша тексеру (сараптама) қажет болған жағдайда сатушы (өндіруші) айырбасты талап қойылған мерзімінен 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады. Тауар сапасын қосымша тексеруді (сараптама) сатушы төлейді. Егер сараптама барысында тауардың сапасыздығы анықталмаса немесе тұтынушыға сатылғаннан кейін оның пайдалану және сақтау ережелерін бұзу, үшінші тұлғалардың пайдалануы салдарынан орын алса тұтынушы сатушыға (өндірушіге) тексеруге және оны ұйымдастыруға кеткен транспорттық шығындарды өтеуге міндетті. Тұтынушы тауардың сапасын тексеру сараптамасына өзі немесе сенімді тұлғасы арқылы қатысуға, сондай-ақ оны өз қаражатына өткізуге құқылы.

Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз! 


Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Тел: 8(7242) 23-50-72, 23-50-66. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №52 ғимарат. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда   

23 тамыз 2020 ж. 929 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?