Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ

20 тамыз күні қала әкімінің орынбасары Есжанов Асқарбек Темірбекұлы "Zoom" платформасы арқылы тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді.
Онлайн жеке қабылдау барысында болған азаматтар әлеуметтік мәселер бойынша сұрақтарын жолдап, оның ішінде жаңа оқу маусымында балалардың қажетті оқу құрал жабдықтарымен, онлайн білім алуға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылармен қамтуға мүмкіндік қарастыру бойынша мәселелерін көтерді.
Азаматтардың өтініштерін жедел қарап, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мәселенің оң шешімі табылуын қалалық білім бөліміне жүктеді.
Енгізілген карантиндік шектеулер ескеріле отырып, жаңашыл байланыс құралдарын қолдану арқылы азаматтарды қашықтықтан қабылдау алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
21 тамыз 2020 ж. 738 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?