Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қызылорда қаласының прокуратурасы хабарлайды!

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Облыс прокурорының өкімімен қала аумағында мобильді топ құрылып, дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатып сатқандарды анықтау және жауаптылыққа тарту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Мобильдік топ құрамында қала әкімдігі, қалалық полиция басқармасы және қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері бар.

Дәріханаларда бақылау-кассалық машинасы арқылы берілетін түбіртекте (чек) сатылған препараттың атауы мен бағасы көрсетілетінін назарға алу қажет.

Егер түбіртекте (чек) көрсетілген бағаға күмәніңіз болған жағдайда Darikz мобильді қосымшасы арқылы салыстырып, анықтауға мүмкіндігіңіз бар.

Сол себепті тұрғындар дәрі сатып алған уақытта міндетті түрде чек беруін талап етуі керек.

Қала тұрғындары дәрі-дәрмек бағасына күмән келтірген жағдайда қалалық прокуратураға +7(7242) 24-75-87, +7 (705) 222 7771, +7(775) 405 5510, +7(707) 281 5930 нөміріне немесе 102 арнасына хабарласуыңызға болады.
Қызылорда қаласының прокуратурасы!
19 тамыз 2020 ж. 954 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?