Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ «СПОРТ КҮНІМЕН» ҚҰТТЫҚТАУЫ


Қадірлі Сыр спортшылары!
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан Тұңғыш Президентіміз спорттың бұқаралық сипатын дамытуды – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының біріне айналдырды.
Қаламызда тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуға маңыз беріп, спорт мектептері мен орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, заманауи талаптарға сай жаңа спорт нысандары салынуда. Жылдан жылға ашық аспан астындағы спорт жаттығу алаңдарының да санын арттырып келеміз. Нәтижесінде дене шынықтырумен шұғылданушылар саны көбейді.

Саладағы салмақты бастамалар оң нәтиже беріп келеді. Ал осы нәтижеге жету жолында Мемлекет басшысының тарапынан көрсетілген қолдаудың маңызы зор. Өрендердің биік межеден көрінуі де осы қолдауға байланысты.
Елбасымыз айтқандай «Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала». Тәуелсіздік жылдары Сыр спортшылары түрлі байрақты бәсекелерден олжалы оралып, биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын әлемнің басты додаларында асқақтатты. Әнұранымызды әуелетіп, сан мәрте көк байрағымызды көкке көтерді. Бұл қазақ спортының жаңа биікке көтеріліп, қанат жайып қарқынды дамығандығын көрсетеді.

Баршаңызды тағы да атаулы күнмен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Елдің үміті мен тілегін арқалап, сенім үдесінен шыға білетін, ел мен жер абыройын қорғай білетін білекті де жүректі спортшыларымыздың қатары көбейіп, Сыр спортының жетістіктері мен табыстары арта берсін!
Жеңісті күндер көп болсын!

Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі
Н.Нәлібаев

16 тамыз 2020 ж. 1 954 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?