Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

БӘЙТЕРЕКТЕ БІЛІМ ҰЯСЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ



Қала іргесіндегі 6 мыңнан аса отбасына арналған «Бәйтерек» шағын ауданында алғашқы білім ұясы бой көтеруде.
Жыл соңында пайдалануға берілуі тиіс мектептің құрылыс жобасын шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға таныстырып, нысанның алғашқы кірпіші қаланды.
Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Балайым Кесебаева мен Наталья Жұмаділдаева қатысты.
Жауапты сала басшыларына жаңа мектептің құрылысы уақытылы аяқталуын тапсырған аймақ басшысы білім ошағының заманауи үлгіде жүзеге асып, оқушылардың игілігіне бағытталуы керек екенін айтты.

Өз кезегінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев балалардың жаңа мектепке қатынауында ешқандай қиындық болмайтынын, шағын ауданда қоғамдық көлік ашылып, оған қосымша балалар тасымалына арнайы автокөліктер қарастырылатынын жеткізді. Сонымен бірге орын тапшылығын болдырмау мақсатында «Бәйтерек» шағын ауданында тағы екі мектептің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жоспарланғанын, Саяхат шағын ауданында 600, Е.Демесінов көшесінің бойында 500 орындық екі мектептің құрылысы инвесторлар есебінен жүргізіліп жатқанын айтты.
Бәйтеректегі білім ошағының құрылысы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Қазіргі уақытта құрылысқа қажетті техникалар мен материалдар жеткізілген. Екі ауысыммен жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына 140 адам жұмысқа тартылған. «Ғимарат құрылысына тек отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр» - деді, жобаны жүзеге асырушы мердігер «Болашақ-Девелопмент» ЖШС басшысының орынбасары Айдар Әбдірахманов.
Шет аймақтан бой түзейтін білім ордасында оқушыларға арналған футбол, волейбол, баскетбол, жүгіру алаңдарымен қоса кіші және үлкен сыныптарға арналған гимнастикалық алаңдар салынады. Сонымен бірге мектеп мұғалімдері арнайы демалыс орнымен автотұрақпен қамтылатын болады.
Айта кету керек, мұнан бөлек Жаппасбай батыр көшесінің бойындағы 600 орындық мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұған қосымша 3 мектептің жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.
13 тамыз 2020 ж. 644 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?