КАРАНТИН ТАЛАБЫН САҚТАУ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ

Қайырымдылық акциясы жергілікті атқарушы органдар мен тиісті құқық қорғау органдарын ескертпестен, ешқандай келісім алмастан жасалған.
Жиналушыларға қала әкімдігі, қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, карантин режимі уақытында топтасып жиналуға болмайтындығы ескертілді.
Қайырымдылық қор өкілдеріне облыстық бас санитардың «Қызылорда облысы аумағында «Құрбан айт» мерекесі күндері іс-шаралар өткізуге тиым салу туралы» №19 қаулысының талаптары таныстырылды.
Нәтижесінде, қайырымдылық акциясын ұйымдастырған «Хикмет» қайырымдылық қорына және «Анвар» сауда үйіне карантин режимі талаптарын орындамағаны үшін тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, шаралар көрілді.
Құрметті қала тұрғындары!
Карантин уақытында көпшілік және отбасылық іс-шараларына, адамдар көп жиналатын орындарға бармауларыңыз сұралады. Санитарлық талаптарды қатаң сақтап, қоғамдық, көпшілік орындарда міндетті түрде медициналық бетперде тағыңыздар! Мұның барлығы елдің амандығы үшін қажет. Жақынымызға жанашыр болайық!
Қызылорда қаласының әкімдігі