«Дипломмен ауылға» бағдарламасы
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі («Дипломмен ауылға») Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы көрсетіледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы негізінде жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның негізгі мақсаты және міндеті ауылдың қалыпты тіршілігін және ауылды аумақтың әлеуетінің өсуін қамтамасыз ету, сонымен бірге, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік саланың сапалы қызметін көрсету, өңірлік бәсекеге қабілетті артықшылықты пайдалану негізінде, ауыл аумақтарын тұрақты дамыту, ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру үшін келген, сала мамандарын ынталандыру болып табылады.
Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда, 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығымен «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын кәрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Аталған бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңадан бекітілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.
Сонымен қатар, мамандар кредиттік бюродан несие тарихын ұсынады және кез келген несие бойынша берешек болған жағдайда оларды толық өтеген сәтке дейін ұсынылмайды.
Қызылорда қаласына қарасты ауылдық елді мекендерде жоғарыда аталған салалардың бірі бойынша жұмысқа орналасқан жағдайда, төменде көрсетілген
құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе электронды веб-порталы арқылы ұсына алады.
1) көтерме жәрдемақы алған кезде: - өтiнiш; - жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); - бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; - жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесі.
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: - өтiнiш; - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (сәйкестендіру үшін);
- бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; - жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесі;
- сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- кредиттік бюродан есеп.
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде: - өтiнiш; - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (сәйкестендіру үшін);

Қағиданың 19-тармағына сәйкес, көрсетілген қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда, әлеуметтік қолдау шараларын алушы үміткерлердің қатарынан кезектілікті қалыптастыру жолымен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімі тоқататылады.
Ашықтықпен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша кезектілік Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында жарияланып отырады.
Жадыра Есмагамбетова
(Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы)